Қарағанды облысында адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы орын алды
Қарағанды облысында жол жиегінде көлігін жөндеп жатқан жүргізушіні "Газель" көлігі қағып кетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
13 қазан күні 38 жастағы "Газель" автокөлігінің жүргізушісі "Алматы-Екатеринбург" тас жолында Нұр-Сұлтан қаласына қарай кетіп бара жатып, Теміртау қаласының маңында абайсызда 58 жастағы азаматты қағып кетті.
Жәбірленуші жол жиегінде өзінің жүк көлігін жөндеп жатқан.
Жол - көлік оқиғасы салдарынан 58 жастағы азамат оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-тармағына (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.