Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полицей Ауған соғысы ардагеріне шұғыл көмек көрсетті

Алматылық полицей Ауған соғысы ардагерінің өмірін сақтап қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Демалыс күні “Жаңа Дәуір” ауылында тұратын Қасеновтар отбасы қонақтармен таңғы ас ішіп отырған кезде күтпеген жағдай орын алған, үй иесі  Қанат Қасенов үстел басында есінен танып қалған.

Тек қонақтардың бірінің арқасында оның өмірі сақталды.

“8:30-да күйеуім екеуміз таңғы асты ішейін деп отырғанбыз, сол кезде танысымыз Сергей және оның досы келді. Барлығы шай ішуге үстелге жайғасты. Бір кезде күйеуім Қанат тұншығып қалғандай болып, басын артқа тастап, беті көгеріп, көздері айнала бастады. Барлығымыз есеңгіреп қалдық, мен не істерімді білмедім және қатты қорықтым. Осы сәтте Бауыржан есімді қонағымыз шұғыл түрде күйеуіме жақындап, үстелден қасықты алып, аузына салып, тілін шығарып, тыныс алу жолдарын босатты. Содан кейін оның арқасынан ұра бастады. Осындай бірнеше әрекеттен кейін Қанат қалпына келе бастады. Көп ұзамай жедел жәрдем келді, олар менің күйеуімді тексерді, егер медициналық көмек уақытында көрсетілмеген болса, бәрі қайғылы аяқталуы мүмкін екенін айтты”, – дейді Қалипа Бекпасова.

Қанат Қасеновтың туыстары  бұған дейін мұндай жағдай байқалмағанын айтты. 80-жылдардың басында Қанат Ауғанстанда, Кандагар қаласында қызмет еткен.

Интернационалист жауынгердің баласының айтуынша, әкесі алкогольді немесе зиянды заттарды қолданбайды.

“Егер Бауыржан сол күні біздің үйге келмегенде, күйеуімнің аман қалуы екіталай  еді. Отбасымыздың атынан Бауыржан Торғаевқа күйеуімді құтқарғаны үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Алматы қаласы Полиция департаментінің басшылығына жүгіне отырып, біз Торғаев Бауыржан Бәкенұлын лайықты марапаттайтынына үміт артамыз. Оның іс-әрекеттерінен біз ішкі істер органдары қызметкерінің жарқын үлгісін көрдік, ол азаматтарды қылмыскерлерден қорғап қана қоймай, өзінің шешуші әрекеттерімен адам өмірін сақтап қалды”, – деп толықтырды Қанат Қасеновтің жолдасы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру