Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттің бас полицейі азаматтарды онлайн режимде қабылдауды жалғастыруда

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетов  30 адамды онлайн режимде қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстарын тыңдау мақсатында әр аптаның сәрсенбі күні Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы жеке қабылдауды тұрақты өткізіп келеді. Қазіргі заман талабына сай қабылдаулар онлайн форматына көшірілді.

 Шымкентте Мемлекет басшысының “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасына сәйкес полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуде азаматтармен қолжетімді әрі тиімді байланыс орнатуға барлық жағдай жасалып отыр.

Мәселен, қабылдау барысында бір  зейнеткер өз баласынан белгісіз азаматтардың “Айфон-7” маркалы 45 дана ұялы телефон әкеліп беремін деп, қомақты қаражатын алып, қайтармай жүргені туралы шағымданды. Осы мәселеге құзырлы орган қызметкерлерінің араласуын сұрады. Департамент бастығы Ералы Жумаханбетов зейнеткердің мәселесін тыңдап, тиісті сала қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берді.

Қабылдауға келген екінші тұрғын өзінің қазіргі таңда уақытша жұмыс істемейтінін, өткен жылы туысқанына өзінің үйін бөліп төлеуге келісіп, сатқанын, алайда туысының келісімнің шарттарын  мойындамай, ақшасын бермей жүргенін жеткізді. Өз кезегінде Департамент бастығы Ералы Жумаханбетов азаматшаның мәселесін тындап,  заң аясында тиісті шаралар қолданылатынын алға тартты.

Қабылдау барысында жергілікті тұрғындарды мұқият тыңдаған Шымкенттің бас полицейі кейбір мәселелер бойынша  сол сәтте нақты шешім қабылдап, түйткілді жайттарды шешуге оң ықпал етті.

Азаматтарды онлайн қабылдау әр аптаның сәрсенбісінде өз жалғасын табатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру