Қарағанды облысында автокөлік ұрлаған шетелдік азамат ұсталды
Қарағанды облысында автокөлік ұрлаған шетелдік азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 желтоқсанда Қарағанды облысының Приозерск қаласының полиция бөліміне 36 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу үйдің ауласынан өзіне тиесілі ВАЗ-2121 автокөлігін ұрлап кеткенін айтып арызданды.
Келтірілген шығын 450 мың теңгені құрайды. Патрульдік полиция қызметкерлері іздеуге берілген көлікті ізін суытпай ұстады. Көлік ұрлаған 21 жастағы Ресей Федерациясының азаматы болып шықты.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 200-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.