Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында браконьер ұсталды: 3 қап балық пен 6 қап шаян тәркіленді

Қарағанды облысында браконьер ұсталды: үш қап балық пен алты қап шаян тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 мамырда “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері “Қаражал-Атасу” тас жолында Қарағанды қаласының 47 жастағы тұрғыны басқарған автокөлікті тоқтатты. Көлікті тексеру кезінде полицейлер көліктен үш қап балық пен алты қап шаян тапты.

ҚР ҚК-нің 335-бабы (Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын заңсыз өндіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Келтірілген зиян мөлшері анықталуда. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру