Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды ​​облысында ер адам ауылдасының ақшасын үптеп кетті

Қарағанды ​​облысында ер адам ауылдасының ақшасын үптеп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қазанда Қарағанды ​​облысы Ақтоғай ауданының полиция бөліміне елді мекендердің бірінің 52 жастағы тұрғынынан арыз түсті. Ол екі күн үйде болмай сапарлап жүргенде, біреу оның жоқтығын пайдаланып, жеке үйдің ауласында орналасқан жазғы асханаға кіріп, 130 мың теңгені жымқырған. Аталған факті бойынша полицейлер ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Жәбірленуші ұрланған ақшаны оқшауланған жерде сақтағандықтан, полиция ұрының алыстан келмеген деп есептеді. Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде күдікті 36 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындады. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру