Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да 17 жастағы жасөспірім алаңқай жерден граната тауып алды

СҚО-да 17 жастағы жасөспірім алаңқай жерден граната тауып алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылжар ауданындағы ауылдардың бірінің 17 жастағы тұрғыны ерекше зат тауып алған. Ол алаңқайдан коррозия белгілерімен гранатаға ұқсас затты анықтаған. Бала тәтесінің үйіне әкелген, тәтесі, өз кезегінде, полицияға хабарлаған. Соколов поселкелік полиция бөлімшесінің қызметкерлері оқиға орнын қоршауға алып, жақын маңдағы үш үйдің жеті тұрғынын қауіпсіз жерге көшірді. Оқиға орнына жеткен жарғыштехниктер қауіпті затты арнайы қалыпқа салды. Шамамен “УЗРГМ” тұтандырғышы бар “РГД” гранатасы болып табылады.

– Зат сараптамаға жіберілді, кейін арнайы жағдайларда жойылатын болады, – деп хабарлайды Қызылжар ауданы ПБ бастығының міндетін атқарушы Нұрлыжан Ақтанов. – Жарылғыш заттарға ұқсас зат анықтаған жағдайда зарядтың өздігінен жарылуын болдырмау үшін оларды көшіруге, орындарын ауыстыруға болмайтынын еске саламыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру