Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жоқ пәтерлерді жалға тапсырған: Екібастұзда 17 адамды алдап кеткен алаяқ ұсталды

Қалаларда жоқ пәтерлерді жалға тапсырған алаяқ Екібастұзда ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жарнама сайттары арқылы алаяқтар әртүрлі әдістерді қолданады. Олардың қызметі құжаттарды ұсынбай, мүмкіндігінше сенімді азаматтардан ақша алуға бағытталған.

– Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Екібастұз қаласының криминалдық полиция қызметкерлері “OLX” мобильді қосымшасында Алматы және Шымкент қалаларында пәтер тапсырғаны туралы хабарландыру қойған күдікті – тамада ретінде жұмыс істейтін 30 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады. Ол 17 азаматтан түрлі сомада (5 мыңнан 20 мың теңгеге дейін) алдын ала төлем немесе пәтерді жалға алу үшін толық төлем алып, ақшалай қаражатты күдікті уақытша пайдалануға алған туысқанына тиесілі банк карточкасына жіберуді ұсынды, – деп хабарлады Павлодар облысы Екібастұз қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Сексембаев.

17 азамат ер адамның құрбаны болды. Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 3-тармағының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру