Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пайыссыз несие: Түркістан облысының тұрғыны алаяққа сеніп, 4 млн теңгесінен айырылды

Түркістанда “20 миллион теңге пайызсыз несие шығарып беремін” деген алаяқ әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтың құрбаны болғанын айтып, шағымданады.
Жәбірленушінің айтуынша, сырттай танысы 2020 жылдың тамыз айында банктердің бірінен пайызсыз несие яғни, 20 миллион теңге шығарып беремін деп әбден сендірген. Содан осы ісі үшін жәбірленушіден төрт миллион теңге ақшасын алған. Одан кейін алаяқ әйел жәбірленушіге берген уәдесін орындамай не ақшасын қайтармай әбігерге салған.
Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді.

Осы жайтқа байланысты алаяқтық қылмысын ашу мақсатында полиция бөлімінде тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде полицейлер күдіктінің жеке-басын анықтап, оны ПБ-ға жеткізді. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Белгілі болғандай ұсталған алаяқ әйел, алдау жолымен алған ақшаны өзінің қажеттілігіне жаратып жіберген. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары алаяқтың бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда. 

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қаржы мәселелерін шешуге күмәнді көмек ұсынатын бейтаныс адамдарға мұқият болу және артық сенімсіздік көрсетпеу қажеттігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру