Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында ер адам көлік жөндеу орталығынан құрал-саймандар ұрлап кетті

Қарағанды облысында ер адам көлік жөндеу орталығынан құрал-саймандар ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қаңтар күні Қарағанды облысы Абай аудандық Полиция басқармасына 41 жастағы Абай қаласының тұрғыны хабарласып, өзіне тиесілі көлік жөндеу орталығынан белгісіз біреу құрал-саймандарын ұрлап кеткені туралы арызданған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгені құраған.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 188-бабына сәйкес (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды.

31 қаңтар күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 33 жастағы ер адам анықталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру