Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында браконьерлерден 90 келіге жуық балық тәркіленді

Түркістан облысында екі тұрғыннан 90 келіге жуық заңсыз ауланған балық тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара аудандық ПБ табиғатты қорғау тобының полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шаралары барысында заңсыз балық аулаудың кезекті жайтын анықтады.

Тәртіп сақшылары Шардара су қоймасында балық аулаумен айналысқан екі ер адамды ұстады. Олар Келес ауданының тұрғындары болып шықты. Полиция қызметкерлері ұсталғандардан балық аулау құралдарын және 90 келіге жуық заңсыз ауланған балық тәркіледі.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚК-нің 335-бабымен (Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру