Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында ер адам танысын балконнан лақтырып жіберген 

Қарағанды облысында ер адам таныс әйелін балконнан лақтырып жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық полиция бөліміне ауданға қарасты ауылдардың бірінен 48 жастағы азаматшаның дене жарақаттарымен ауруханаға түскені туралы хабарлама түсті.

едел-тергеу тобының қызметкерлерімен жәбірленушіден дене жарақаттарын қандай жағдайда алғандығын анықтау үшін жауап алу жүргізілді. Белгілі болғандай, ол оқиға болған күні өзінің 39 жастағы танысының үйінде болған. Отырыс барысында екеу ара сөзге келіспеушілік болған.

Арада шыққан дау-жанжал барысында 39 жастағы азамат жәбірленушіні үшінші қабаттан балконнан жерге лақтырып жібергені анықталды.

Полиция қызметкерлерімен күдікті ұсталып, қызуқандылықпен осындай іске барғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру