Қарағанды облысында ер адам жол жиегінде тұрған тіркемені үптеп кетті
Қарағанды облысында ер адам жол жиегінде тұрған тіркемені заңсыз иемденіп алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 желтоқсанда Қарағанды облысы Нұра ауданының полиция қызметкерлері Шахтинск қаласынан Нұра ауылына баратын жолда тіркемесі бар көлікті тоқтатты. Жүргізуші 45 жастағы көршілес Бұқар жырау ауданының тұрғыны болып шықты.
Тексеру кезінде ер адамның тіркемеге құжаттары жоқ болып шықты. Жүргізуші көлікті заңсыз иемденіп алғаны белгілі болды.
Полицейлер ұрланған тіркеменің 35 жастағы иесін анықтады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақыта тергеу амалдары жүргізілуде.