Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда үйлерінде шу шығарған тұрғындарға хаттама толтырылды

Павлодарда үйлерінде шу шығарған тұрғындар жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түн ортасында полицияға жас қыз хабарласып, өгей әкесі үйде жанжал шығарып, анасына қол көтергенін айтты.

– Қазір ол үйде отыр, анамды қуып жіберді. Мен өзім одан қорқамын, келіңіз, көмектесіңіз, – деді қала тұрғыны.

Полицейлер аталған мекенжайға келгенде генерал Дүйсенов көшесіндегі үйдің кіреберісінде қыздың анасы болды. Полицейлермен әңгімелесу барысында ол күйеуінің агрессивті қылығынан зардап шеккенін растады. Үй иесімен бірге пәтерге кірген полицейлер құқық бұзушымен сөйлесіп, оған қатысты ҚР ҚК-нің 73-1-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады.

Тағы бір тұрмыстық жанжал екі сағаттан кейін Бекхожин көшесіндегі үйде орын алған. Мұнда егде жастағы әйел полицияға келініне шағымданған. Ашуланып, ыза болған жас келіншек түн ортасында енесіне әдепсіз сөздер айтып, оған қолына түскен тұрмыстық заттарды лақтырған.

Полиция қызметкерлері төбелеске қатысты ҚР ҚІЖК-нің 73-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, жанжалды тоқтатты.

Айта кетейік, биыл Павлодар облысының 4000-ға жуық тұрғыны отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру