Қарағанды облысында қонаққа келген жас қыз үй иесінің 1 миллион теңгеден астам ақшасын жымқырып кеткен
Сәтбаев қаласында қонағы үй иесінің 1 миллион 200 мың теңгесін ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 қазан күні Қарағанды облысы Сәтбаев қалаcының полиция бөліміне 54 жастағы қала тұрғыны хабарласып, шақырған қонағының оның үйінен 1 миллион 200 мың теңгені ұрлап кеткенін айтқан.
Таңертеңгілік уақытта үй иесі мен қонағы үйден бірге шыққан. Алайда үйден шыққанда жас қыз бос шықпай, жәбірленушінің ақшасын қоса ала кеткен.
Полиция қызметкерлері 26 жастағы азаматшаны ұстады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188- бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.