Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда полиция қызметкерлері қан тапсырды

Атыраулық тәртіп сақшылар қан тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

2020 жылғы 6 қазанда Жылжымалы қан орталығының қызметкерлері облыстық полиция департаментіне барды. Медициналық тексеруден кейін, полицейлер қан тапсырды.

Департаментте “Донорлар күні” жылына екі-үш рет өткізіледі. Біздің қызметкерлер өз жұмысында үнемі экстремалды жағдайларға куәгер болып, қан тапсырудың басқа адамның өмірін сақтауға себеп болатынын жақсы біледі, сондықтан полиция қыметкерлері қан тапсыруға белсенді ат салысады, – дейді Департаменттің Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Нұржан Шаеденов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру