Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында ұрлық жасаған бір топ адам ұсталды

Қарағанды облысында темір қоршауларды қолды қылған бір топ ұры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 сәуірде Қарағанды облысы Ұлытау ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Сағат 8.00 шамасында полицейлер аудан орталығы Ұлытау бағытында келе жатқан ауыр жүк тиеген көлікті тоқтатты.

Көлікті тексеру кезінде тәртіп сақшылары металл бұйымдарын тапты. Анықталғандай, бірнеше сағат бұрын бұл адамдар қыстақтардың бірінен темір қоршауларды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 200 мың теңгені құрайды. Ұрланған мүлік иесіне қайтарылды.

ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру