Қарағанды облысында жеке үйлерден бірнеше ұрлық жасаған қос күдікті ұсталды
Қарағанды облысында жеке үйлерден бірнеше ұрлық жасаған қос күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
9 қаңтар күні Қарағанды облысы Балқаш қалалық полиция бөліміне 72 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Полиция қызметкерлерімен белгісіз азаматтардың жеке үйдің дуалының құлыбын бұзып, ол жерден құрылыс заттарымен құрал-жабдықтардың ұрланғаны анықталды.
Оқиға орынынан тәртіп сақшылары аяқ киім және көліктің іздерін алып, заттарды, яғни темір трубалар, бетон араластыратын құрал және профлистарды көлікке артып әкеткені белгілі болды. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 300 мың теңгені құрады.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
17 қаңтар күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған іске қатысы бар деген күдікпен 32 және 33 жастағы қос күдікті анықталып, ұсталды.
Алдын ала тергеу жұмыстары барысында күдіктілердің осыған ұқсас тоғыз қылмысқа қатысы бар екендіктері анықталды. Күдіктілер негізінен қылмыс жасау үшін жеке үйлерді таңдап алып, түнгі уақытта сатуға болатын заттарды әкетіп отырған. Қазіргі уақытта жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі анықталуда.