Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында дүкен иесі жасөспірімге алкоголь сатқаны үшін жазаланады

Павлодар облысында дүкен иесі жасөспірімге алкоголь сатқаны үшін жазаланады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының полиция қызметкерлері дүкендер мен сауда үйлері иелерінің алкогольдік өнімдерді сатуға қатысты заңнаманы сақтауын қамтамасыз ету бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдайды.

– Ережелерді бұзған меншік иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Пайдаға құмар кейбір қожайындар заң талаптарын елемей, күшті сусындарды тыйым салынған уақытта сатып қана қоймай, алкогольдік ішімдіктерді жасөспірімдерге де сатады, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мәселен, 18 қаңтарда Павлодар қаласындағы М.Жүсіп көшесінде орналасқан азық-түлік дүкендерінің бірінде сатып алушылар сатушының бірнеше бөтелке спиртті жас жігітке қалай сатқанын байқаған. Кейін оның жасы 16-да екені белгілі болды. Олардың кәмелетке толмағандарға алкоголь сатуға тыйым салынғандығы туралы наразылығына, сатушы ештеңе етпейді деп жауап берген. Бірақ саналы қала тұрғындары полицейлерді шақырған.

Тәртіп сақшыларымен дүкен иесіне қатысты ҚР ӘҚБК 200-бабының 1-бөлігі (Жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін өткізу) бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Енді дүкен иесіне қатысты 40 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру