Қарағанды облысында жылқы ұрлаған ауыл тұрғыны ұсталды
Қарағанды облысында жылқы ұрлаған ауыл тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысы Нұра ауданының полиция бөліміне жыл басынан бері бір елді мекеннің тұрғындары жылқылары жоғалғанын айтып хабарласқан. Тергеу кезінде жылқышы – 41 жастағы жергілікті тұрғын жылқылардың бірін жұмсап жібергенін мойындады. Жұмсалған жылқының орнына басқа біреудің жылқысын берген. Біраз уақыттан кейін жылқысы жоғалған иесі шу көтерген кезде – өзіне тиесілі емес жылқымен залалдың орнын толтырып, өзінің айласын тағы қайталады.
Полицейлер жылқышының осыған ұқсас бірнеше фактіге қатысы барын анықтады.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.