Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртаулық полицейлер металл ұрлығының жолын кесті

Теміртаулық полицейлер кәсіпорынның бірінен металл ұрлығының жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 наурызда Теміртау қаласының Шығыс полиция бөлімінің қызметкерлері мүліктік қылмыстардың алдын алу және жолын кесу бойынша жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізді. Сағат 17.30 шамасында полицейлер кәсіпорындардың бірінің аумағынан бірнеше ауыр заттарды шығарып жатқан 27-30 жас аралығындағы үш ер адамды ұстады. Олар жалпы салмағы 350 келі болатын металды ұрлауды жоспарлағанын мойындады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 24-188-бабы (Ұрлық жасауға оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру