Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісайда егінге қажетті 10 орама пленка ұрлаған көрші ауылдың тұрғындары ұсталды

Жетісайда егінге қажетті 10 орама пленка ұрлаған көрші ауылдың тұрғындары ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай АПБ-нің учаскелік полиция инспекторы Болат Жакиповқа таңғы сағат 09:00 шамасында жергілікті тұрғын хабарласып, арызданады. Ер адамның айтуынша, түнгі уақытта оның тұрғын үйінің ауласына белгісіз біреулер кіріп, аулада тұрған 10 полиэтиленді пленка орамаларын жымқырып кеткен. Ақпарат алысымен оқиға орнына тез арада жеткен учаскелік полицей бірден ПБ-ға хабар беріп, жедел-тергеу тобын шақырады.

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 250 мың теңгені құрады. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Орын алған ұрлық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында учаскелік полиция инспекторлары Болат Жакипов пен Самат Батырбеков қажетті іздестіру шараларын атқарды.

Полицейлер көрген-білгендерден жауап алып, жақын төңіректі мұқият қарап шықты. Осылайша тәртіп сақшылары жүргізген жүйелі жұмыстың нәтижесінде, небәрі 5-6 сағат ішінде ұрлық қылмысының “ізі суымай” ашылды. Бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікпен көрші ауылдың үш бірдей жас жігіті ұсталды.

Анықталғандай, күдікті үшеу түнгі уақытта жәбірленушінің ауласына заңсыз кірген. Содан әрқайсысының салмағы 25 келідей болатын пленка орамаларын өздері мініп келген ВАЗ-2107 көлігіне артып әкеткен. Одан кейін ұрланған затты өзге біреуге сол түні сатып, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Қазіргі таңда күдікті жас жігіттерге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру