Қарағанды облысының бас полицейі еріктілермен кездесті
Қарағанды облысының бас полицейі еріктілермен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерін және салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосып жүрген еріктілерді марапаттады. Бас сақшының бұйрығымен оларға Ішкі істер министрлігінің нышаны бар қол сағат және грамоталар, алғыс хаттар табысталды.
– Біздің арамызда өз уақыттарымен санаспай, күнделікті оқуларымен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, есірткінің алдын алу бағытында профилактикалық жұмыс жасап жүрген еріктілердің еңбегін ерекше атап өтіуміз керек. Сіздерге қарап, қатарластарыңыз бой түзейді. Сондықтанда салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы еңбектеріңізге алғыс білдіремін, – деді Санжар Әділов.
Марапатқа ие болғандардың қатарында ерікті Милана Алимбаева да бар.
– Мен – «Равный равному» еріктілер клубының мүшесімін. Біз еріктілер өз қатарластарымыздың арасында есірткінің зияны бойынша түсіндіру жұмыстарын өткіземіз. Қатарластарымыздың көбісі – жасөспірімдер. Осыған қарамастан олар біздің айтқанымызды тыңдап, салауатты өмір салтын насихаттауға зор үлестерін қосып жүр. Алдағы уақытта есірткінің алдын алу бойынша оқу семинарларын және акциялар өткіземіз деп отырмыз, – джеді ол.