Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында полиция дропперді қолға түсірді

Ақмола облысында полиция дропперді қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласында “Алаяқты тоқтатайық” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Целиноград ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық схеманың бір буыны болып табылатын 23 жастағы дропперді ұстады.

Қазіргі уақытта тергеушілер жас жігіттің интернет-алаяқтық фактісіне қатысы бар екенін анықтады, оның құрбаны Қоянды ауылының тұрғыны. Алаяқтар ауыл тұрғынының атынан 2 млн теңге көлемінде несие ресімдеген, ал ақша ұсталған адамның шотына аударылған.

Полиция қызметкерлерімен әңгімелесу барысында дроппер жеңіл ақша табуды уәде еткен жұмысқа Тик Ток қосымшасында тап болғанын айтты. Пайдаланушылардың бірі ақша қаражатын криптовалютаға аудару арқылы ақша табуды ұсынған. Ұсыныс студентті қызықтырып, ол автормен байланысқа шықты. Осылайша, бүкіл алаяқтық жүйенің қатысушысы болуға келіскен күдікті кураторлардың нұсқауы бойынша банктерде карточкалық шоттар ашқан. Кейінірек бұл шоттарға қолма-қол ақша түсіп отырған, оны ұсталған адам АҚШ долларына аударып, басқа шоттарға жіберіп, өзіне белгілі бір пайызын қалдырды.

Қылмыстық істі тергеу аясында полицейлер қанша алданған азамат ұсталған адамның шотына ақша аударғанын анықтап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру