Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғанда полиция қызметкерлері мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастырды

Жезқазғанда полиция өкілдері, ішкі істер министрлігіне қарасты жоғары заң академияларына түсу мүмкіндігімен таныстыру мақсатында мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесуге 300-ден аса мектеп оқушылары қатысты. Полиция қызметкерлері өткізген іс-шарада құқық қорғау органдар жүйесіндегі заңгерлік мамандықтың ерекшелігі мен артықшылықтары туралы айтылды.

Қалалық полиция басқармасы бастығының тәрбие және кадр жұмысы жөніндегі орынбасары Сабыржан Сейтжанов оқушылар алдында сөйлеген сөзінде болашақ мамандардың құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлінің маңыздылығын атап өтті. Ол ІІМ-ге қарасты жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі айтып, оқушыларды болашақ білімі үшін осы нұсқаны белсенді түрде қарастыруға шақырды.

Полиция өкілдері оқу бағдарламасы туралы қосымша ақпарат берді, сондай-ақ құқық қорғау органдарындағы болашақ мансапқа қатысты мәселелерді талқылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру