Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда ер адам бұрынғы сүйіктісін тонап кеткен

Павлодарда ер адам бұрынғы сүйіктісін тонап кеткен – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс орталығында пәтер ұрлығы болды. Күдікті ретінде полицейлер 50 жастағы павлодарлықты ұстады. Ер адам бұрын осы қаланың тұрғынымен бірге тұрғаны және оның пәтерінің кілттері болғандығы анықталды.

– Бір күні бұрынғы сүйіктісі жұмыста екеніне көз жеткізіп, ол пәтерге кіріп, күзен пальтосын және ломбардқа тапсырып үлгерген екі жұп алтын сырғаларын ұрлап кеткен. Сондай-ақ бір бөтелке шотланд вискиін ұрлаған. Залал сомасы 1 млн теңгеден асты, – дейді Павлодар облысы ПД.

Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты “кетпеу туралы жазылу” түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, заттай дәлелдемелер алынды. Полиция ер адамның осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық-процессуалдық кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру