Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысының бас полицейі кешенді полиция күштерінің жалпы саптық таратылымына қатысты

Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы кешенді полиция күштерінің жалпы саптық таратылымына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин қалалық Полиция басқармасының плацында ішкі істер органымен Ұлттық ұлан жауынгерлерінен жасақталған полицияның кешенді күштерінің жалпы саптық таратылымын өткізді.

– Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына байланысты осы жылдың 15-24 қарашасы аралығында полицияның күшейтілген жұмыс кестесіне көшірілгенін білесіздер. Осы аралықта біздің басты мақсатымыз – қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау. Біз бұл жұмыстарды абыроймен атқаруымыз қажет. Сіздерге азаматтардың конститутциялық құқықтарын қорғап, олармен ілтипатты қарым-қатынас жасап, қауіпсіздігін қамтамасыз етуді естеріңізге саламын. Жауапты мерзімде Қарағанды гарнизоны жүктелген міндеттерді адал атқарады деп сенемін, – деді Ерлан Файзуллин. 

Саптық таратылым барысында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, қылмыстың алдын алуда көзге түскен полиция қызметкерлеріне марапаттау шарасы болды. Облыстың бас полицейі қолынан сегіз қызметкерге Полиция департаментінің грамотасы мен алғыс хаттары табысталды. Ал патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы Асыл Шондыбайға Ерлан Файзуллин Ішкі істер министрлігінің нышаны бар қол сағат табыстады.

Асыл Шондыбай Қазан қаласында қоян-қолтық ұрысынан өткен Азия чемпионатынан қола жүлдемен оралды. Аталған чемпионатқа 10 мемлекеттің спортшылары қатысқан. Спорт шебері Асыл байрақты бәсекеде Қазақстан командасының құрамында болып, ел намысын қорғаған полицейдің бірі.

Ерлан Файзуллин жүлдемен оралған полицейге қызметте сәттілік тіледі. Сонымен қатар жалпы саптық таратылым барысында департамент бастығы полиция қызмектерлерінің қызметтік автокөліктерінің қысқы мерзімге дайындығын тексерді. Жиын соңы полиция мен Ұлттық ұлан жауынгерлерінің салтанатты шеруімен аяқталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру