Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысының полицейлері оқушылар арасында волейболдан жарыс ұйымдастырды

Полицейлер Қарағанды және Теміртау оқушылары арасында волейболдан жарыс ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz  Күзгі демалыс басталмас бұрын Қарағанды облысы полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының және Қарағанды филиалының “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамының қызметкерлері мектеп оқушылары арасында волейболдан жарыс өткізді. Оған Қарағанды қаласының №10, 30, 35, 42, 61 және Теміртау қаласының №17 орта мектептерінің жоғары сынып оқушылары қатысты.Шараның мақсаты – спортты кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жарысты Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Қайырбек Шәкенов ашты.

– Волейбол тек дене дайындығын, тәртіпті ғана емес, сонымен бірге топта әрекет ету қабілетін дамытады. Ал бұл кейінірек өмірде қажет болатын ерекше қасиет. Жарыстың барлық қатысушыларына спорттық шеберлік пен сәттілік тілеймін! Мықтылар жеңіске жетсін! – деп тілегін білдірді.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Қарағанды қаласының №30 мектеп командасы, екінші орынды Теміртау қаласының №17 мектебі, үшінші орынды Қарағанды қаласының №10 мектебі иеленді. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ, полицейлер жарысқа қатысушылардың барлығына ынталандыру сыйлықтарын берді.

– Волейбол ойнағаныма бес жылдай уақыт болды. Қазір өз мектебімнің командасында ойнаймын. Өткен жарыстар менің шеберлігімді шыңдауға, басқа командалардың қандай стильде ойнайтынын білуге көмектесті. Бұл жақсы нәтижелерге қол жеткізуге көмектеседі – дейді Теміртау қаласындағы №17 мектептің 11 «А» сынып оқушысы Виолетта Аверьянова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру