Қарағанды облысының ТЖД басшылары қызмет ардагерлеріне барды
Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында Қарағанды облысының ТЖД басшылығы қызмет ардагерлеріне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мереке қарсаңында азаматтық қорғау органдарында ұзақ жылдар қызмет еткендерге бару жақсы дәстүрге айналды. ТЖ департаментінің, өрт сөндіру және авариялық-құтқару
жұмыстары қызметінің және ардагерлер кеңесінің басшылары Василий Погорелов
пен Жақсымбет Копбаевқа барды.
Василий Погорелов – өртке қарсы қызмет ардагері. 1967 жылдан 1992 жылға дейін өрт сөндіру күзеті органдарында әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 1992-1998 жылдары Қарағанды облысының ІІББ-да қызмет атқарды. Қарағанды облысының ІІББ шаруашылық
басқармасының басшысы болып зейнеткерлікке шықты.
Жақсымбет Көпбаев жылдар бойы азаматтық қорғаныс жүйесінде әскери хирург болып жұмыс істеді. Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысушы. Зейнеткерлікке Қарағанды облысының АҚ
штабының медициналық қорғау бөлімінің басшысы ретінде полковник атағында шықты.
Қарағанды облысының қалалары мен аудандарында ардагерлерге бару мен сыйлықтар табыс ету ұйымдастырылған.