Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ерлікпен қаза тапқан полицейдің отбасы назардан тыс қалған жоқ

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлардың департаменті мен өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің басшылық құрамы Қаратау қаласына арнайы барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ондағы мақсат 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай және Ұлы Жеңіс күніне 75 жыл толу мерекесіне байланысты 2015 жылдың 19 тамызында Қаратау қаласындағы Қазпошта ғимаратында орын алған өрт салдарын жою кезінде тілсіз жаумен күресте ерлікпен қаза болған, ІІІ дәрежелі “Айбын” орденінің иегері Ержан Ахметовті еске алу болатын.

Талас ауданы №12 өрт сөндіру бекетінің аумағында орналасқан Е.Ахметовтің құлпытасына гүл
шоқтарын қоюдан бастау алған рәсім одан әрі Ержанның отбасына арнайы дайындалған азық-түліктер мен сыйлықтарғды үлестіруге ұласты.

Жамбыл облысы ТЖД басшысының орынбасары Мақсат Қосыбаев сөз сөйлеп, өз сөзінде ол “Е.Ахметов кез-келген жағдайда Отаны, елі, жері үшін, адам өмірін сақтау жолында өз өмірін қиюға дайын тұратын асыл азамат еді. Ол ерлікпен қаза тапты. Марқұмның артында қалған ұрпағы мен ұжымдастары Ержанның жарқын бейнесін мәңгілік жадында жаңғыртып отырары сөзсіз. Ал Ержанның ерлік ісі жүректерде сақталып, ешқашан ұмытылмақ емес”, – деп еске алды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру