Қарағанды полициясы қоғамдық көліктің дөңгелегін тесіп кеткен күдіктіні ұстады
Қарағанды полициясы қоғамдық көліктің дөңгелегін тесіп кеткен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 наурызда Қарағанды қаласы Жаңа-Майқұдық полиция бөлімінің кезекші бөліміне белгісіз біреу маршруттық автобустың алдыңғы оң жақ дөңгелегін пышақпен зақымдап, жоғалып кетті деген хабарлама келіп түсті. Автобус жолаушыларын басқасына ауыстыруға тура келді. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жүргізуші мен кондуктордан сұрастыра отырып, жанжал жолаушымен болғанын анықтады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, 32 жастағы қала тұрғынын ұстады.
Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлімі (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.