Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада 100 литр дизельдік отынды ұрламақ болған ауыл тұрғындары ұсталды

Қызылордада 100 литр дизельдік отынды ұрламақ болған ауыл тұрғындары ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осыдан бірнеше күн бұрын Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қазалы аудандық полиция бөліміне Ақтан батыр ауылында орналасқан қойма ауласынан ұрлық жасауға оқталу дерегі бойынша хабарлама түскен. Тексеру барысында қоймадан белгісіз біреулер 100 литр дизельдік отын ұрламақ болғандығы анықталды. Полицейлермен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында ұрлыққа оқталған ауыл тұрғындары ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігімен және 188-бабының 2-бөлігіне сәйкес (Ұрлыққа оқталу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ұрлыққа оқталған ауыл тұрғындары заң алдында жауап бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру