Нұр-Сұлтан қаласында ер адам ҚАЖД мекемесіне спиртті алып өтпек болды
Нұр-Сұлтан қаласында мекемеге тыйым салынған затты кіргізбек болған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 5 сәуірі сағат 17:00-де Нұр-Сұлтан қаласы қылмыстық атқару жүйесі департаменті ЕЦ-166/10 мекемесінде тыйым салынған заттардың мекеме аумағына өткізу каналдарын анықтау бойынша жедел іс-шаралардың нәтижесінде мекеме жедел және режим тобының қызметкерлері Н. Назар, А. Шаришев және Н. Амангалиев мекеменің тыйым салынған қоршау аумағынан, яғни ескі әскери бөлім ротасы ғимаратынан ішкі аумаққа алып өтуге дайындалған арнайы ыдыстарға құйылған спецификалық спирттік иісі бар сұйықтық жасырылған орны табылып, алынды.
Табылып алынған заттардың барлық көлемі 11,5 литр спирттік ішімдік екені белгілі болды. Яғни нәтижесінде тыйым салынған заттардың ішкі аумаққа өтуінің жолы кесіліп, сотталғандардың тәртіп бұзуының алды алынды. Осы дерек бойынша қызметтік тексеру шаралары тағайындалатын болады.