Қарағанды тұрғыны ұрлықты жедел ашқан полицейлерге алғысын білдірді
Қарағанды тұрғыны ұрлықты жедел ашқан полицейлерге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27 ақпанда облыс орталығының тұрғыны Виктор Коханның мүлкі ұрланған. Полицияға хабарласқанда ол автобуста телефон ұрланғанын айтқан. Жауап алу кезінде тергеуші жәбірленушіден қайдан және қайда барғанын, кіммен сөйлескенін, бәрін жіті сұрады.
Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері ер адам телефонды автосервисте ұмытып кеткен болуы мүмкін деген болжам жасады. Салон иесіне қоңырау шалып, олар көлікте телефон жоқ екенін білді. Барлық нұсқаларды мұқият тексерген жедел-тергеу тобы ұялы телефонның автосервистен ұрланғанын анықтады.
Қарбалас салонда күдікті құны 350 мың теңге тұратын телефонды ұрлап үлгерген. Тергеуші Рахметулла Кеңесов жүргізген және сауатты ұйымдастырған тергеу шаралары 25 жастағы күдіктіні анықтап, ұстауға және ұрланған заттарды қайтаруға көмектесті. Ал қысқа мерзімде қылмыстық іс сотқа жолданды. Арызданушы Қохан Виктордан Қарағанды облысы бойынша ПД басшысының атына қысқаша хат түсті.
– Орталық полиция бөлімінің қызметкерлеріне, әсіресе, тергеуші Рахметулла Кеңесовке алғысымды білдіргім келеді. Менің мүлкімді жедел түрде қайтарғаныңыз үшін көп рақмет, – деп жазды Виктор Кохан өз хатында.