Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында сора өсімдігінің ұрығын шекарадан алып өтпек болған шетелдік ұсталды

Түркістан облысының полицейлері сора өсімдігінің ұрығын шекарадан алып өтпек болған шетелдік ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жібек жолы шекарасы аумағындағы Белка лақап атты қызметтік ит белгі беріп тоқтатқан ер адамнан есірткі затына ұқсас дәндер алынды.

Аталған деректі тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 286-бабы 1-бөлігі (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша тіркеуге алды. Полицейлер күдіктінің қалтасынан алынған затқа сот-сараптамасын тағайындады. Нәтижесінде, оның сора өсімдігінің ұрығы екендігі анықталды.

Белгілі болғандай, күдікті Өзбекстан Республикасынан Қазақстанға өтпек болған өзге елдің азаматы. Ол сора өсімдігінің ұрығын бөдене құсына жем ретінде алып келе жатқанын жеткізді. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру