Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды тұрғынының үйінен бағалы заттарды ұрлаған әйел анықталды

Қарағанды тұрғынының үйінен бағалы заттарды ұрлаған әйел анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 ақпан күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне 34 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданған. Жәбірленуші азаматша қаладан көшіп кеткен туысқанының бос тұрған үйіне қадағалау жүргізіп, қарап жүрген. Соңғы рет үйді тексеріп кетуге келгенде белгісіз біреу үйде тұрған теледидар, қысқа толқынды пеш, ыдыс-аяқ және ақша ұрлап кеткенін көрген. Оларға келтірілген шығын көлемі 520 мың теңгені құраған.

Жедел-тергеу тобының қызметкерлерімен іздестіру іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 46 жастағы әйел ұсталды. Күдікті ұрлық болған үйге көрші тұратынын айтып, үйде бірнеше күн ешкім болмаған уақытта кілт таңдау арқылы кіріп, ұрлық жасағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру