Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД мекемесінің кітапхана қоры 50 кітаппен толықты

Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №36 мекеменің кітапханасы жаңа кітаптармен толықтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мекемеде сотталған азаматтар арасында жұмыстан бос уақытта кітап оқитындардың саны күн санап артып келеді. Осыған байланысты Шахтинск қалалық кітапханасы сотталғандарға тәрбиелік бағытта ықпал ету мақсатында мекемеге 50 әдеби кітапты табыстады.

Мекемедегі кітапхана қоры қоғамның патриоттық, рухани-адамгершілік, зияткерлік және мәдени әлеуетін арттыруға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған. Осыған байланысты кітапхана сөресі тарихи кітаптармен толықтырылды.

– Кітап оқудың арқасында адамның рухани әлемі дамиды және сөздік қоры толығады. Қателік жасап жазаға тартылған адамдар әсіресе рухани дамуға мұқтаж, – деді мекеме бастығының орынбасары Ербол Шайкенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру