Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда 650 мың теңгенің телефонын ұрлаған күдікті ұсталды

Қарағандыда 650 мың теңгенің телефонын ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарашаның 8-і күні Қарағанды қаласының Орталық полиция бөліміне 33 жастағы ер адам хабарласып, құны 650 мың теңге тұратын ұялы телефонын біреу ұрлап кеткені туралы айтқан. Мән-жайды анықтай келе, жәбірленуші жүргізуші болып жұмыс істеп, тауарды ЖШС-нің біріне әкелгені белгілі болды. Жүк түсіргеннен кейін жүргізуші көлік салонынан ұялы телефонның жоғалып кеткенін білген.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында ПД-нің криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 29 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Ұрланған ұялы телефон тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру