Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда бір түн ішінде 10 мас жүргізуші анықталды

Қарағандыда бір түн ішінде 10 мас жүргізуші анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде жүргізуге жол бермеу туралы ескертулерге қарамастан, қала тұрғындары құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасауды жалғастыруда. Қарағандыда бір түн ішінде 10 мас жүргізуші анықталды. Мас күйінде автокөліктің рульіне ерлер де, әйелдер де отырады.

Мас жүргізуші - жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін қауіптің жоғары көзі. Бұл жағдайда жүргізуші реакция жылдамдығын жоғалтады, жағдайды дұрыс қабылдай алмайды. Жүргізушілерді мас күйінде көлік жүргізгені үшін заңнамада көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айыру, айыппұлдың көп мөлшері, әкімшілік қамауға алу, ең бастысы, өмірін жоғалту көзделгенін тоқтатар емес.

20-21 мамырға қараған түні Қарағанды қаласы бойынша патрульдік полиция қызметкерлері 10 автокөлік жүргізушісін тоқтатып, жауапкершілікке тартты. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша алты жүргізуші, қалған 4-еуі ҚР ӘҚБтК 613-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Әкімшілік материалды жасау кезінде жүргізушілер медициналық куәландырудан өтеді. Дәрігерлердің қорытындылары да іске қосылады. Көптеген адам тексеруден бас тартып, жазадан құтылуы мүмкін деп қателеседі. Әкімшілік заңнамада бұл факті белгіленген. ҚР ӘҚБтК (Ішкі істер (полиция) органдары қызметкерінің белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамау) 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алуды және сегіз жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруды көздейді. Он жүргізушінің үшеуінің көлік жүргізу құқығы болмаған.

Мәселен, 21 мамырда Майқұдықта мотоцикл тоқтатылды. 18 жастағы қала тұрғыны полицейлермен дулығасын шешпей сөйлескен. Деректер базасын тексеру кезінде оның көлік құралының кез келген түрін жүргізуге құқығы жоқ екендігі анықталды. Өткізілген куәландыру алкогольдік масаңдықты көрсетті. Барлық анықталған құқық бұзушылықтар бойынша түпкілікті іс жүргізу шешімін сот қабылдайды, оған әкімшілік іс жүргізудің барлық материалдары жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру