Қарағандыда дүкен тонаған азамат ұсталды
Қарағандыда дүкен тонаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
19 қазанда Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының полиция бөліміне дүкендердің бірінде тонау болды деген хабарлама келіп түсті.
Тексеру барысында 25-30 жас шамасындағы белгісіз ер адамның ашық түрде екі банка "Tchibo" кофесін алып, қашып кеткені анықталды.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 33 жастағы ер адамды ұстады.
Ұрланған заттар алынып, дүкен иесіне қайтарылды.
Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.