Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда дүкен тонаған азамат ұсталды

Қарағандыда дүкен тонаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 қазанда Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының полиция бөліміне дүкендердің бірінде тонау болды деген хабарлама келіп түсті.

Тексеру барысында 25-30 жас шамасындағы белгісіз ер адамның ашық түрде екі банка “Tchibo” кофесін алып, қашып кеткені анықталды.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 33 жастағы ер адамды ұстады.

Ұрланған заттар алынып, дүкен иесіне қайтарылды.

Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау)  бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру