Қарағандыда дүкеншіге қарақшылық шабуыл жасаған күдікті УҰИ-ға қамалды
Қарағандыда дүкеншіге қарақшылық шабуыл жасаған күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 наурыз күні сағат 21:30 шамасында Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты орталық полиция бөліміне қаладағы дүкендердің бірінде қарақшылық шабуыл болғандығы туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. Жәбірленуші, 52 жастағы сатушы полиция қызметкерлеріне кешкілік уақытта дүкенді жабатын кезде бір азамат келгенін, кейін ол қалтасынан пышақ алып шығып, дүкеншіні пышақпен қорқытып, скотчпен байлап, ол жерден ақша және азық-түлік алып кеткенін айтты.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 33 жастағы күдікті ұсталды. Ол жасаған қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Қылмыс құралы болған пышақ тәркіленді.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.