Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының тұрғындарын 6 млн теңгеге алдап соққан күдікті анықталды

Павлодар облысының тұрғындарын 6 млн теңгеге алдап соққан күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

32 жастағы павлодарлық 2022 жылдың маусым айынан бастап облыс орталығының тұрғынын 400 мың теңгеге алдағаны анықталды.

– Атап айтқанда, Instagram әлеуметтік желісінде күдікті интернет-аудиториямен әйелдер тарихы туралы танысып, өзін Ресей Федерациясының Омбы қаласынан келген салық инспекторы ретінде таныстырған. Адамдарды Kaspi Bank АҚ-ға қатысты тексеру жүргізіп жатқанына сендіре отырып, осы банктен жалпы соммасы 300 мың теңгеге несие ресімдеуді өтінген. Сонымен қатар қарызын уақытылы өтеуге және 150 мың теңге сомасында ақшалай сыйақы беруге уәде берген, – деді Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімінің бастығы Павел Павлов.

Қазіргі уақытта алданған 15 павлодарлық анықталды. Оларға келтірген залал соммасы 6 миллион теңгеден асады.

Алаяқтық фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы таңдалды.

Осы жылдың басынан бастап Павлодар облысының аумағында алаяқтықтың 263 фактісі тіркелген.

Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға және қаскүнемдер үшін оңай нысанаға айналмауға шақырады. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 19-бабы 1-бөлігі және Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес адам қылмысы соттың заңды күшіне енген үкімімен белгілі болғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру