Қарағандыда кәсіпорынның жұмысшысы 150 метр кабельді ұрламақ болды
Қарағандыда кәсіпорынның жұмысшысы 150 метр кабельді ұрламақ болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 маусымда Қарағанды қаласы ПБ Октябрь полиция бөліміне белгісіз біреу кәсіпорындардың бірінде кабельді ұрламақ болғандығы туралы ақпарат түсті. Ұрының әрекетін күзетші байқап қалғандықтан, ұры жасырынуды жөн көрген. Құны 86 мыңнан астам теңге тұратын 150 метр кабелді сыртқа шығармақ болған ұрының әрекеті іске аспады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады – ол осы кәсіпорынның 18 жастағы жұмысшысы болып шықты. Ол кінәсін мойындады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 24-188 бабы (Ұрлыққа оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.