Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері ауылдасының велосипедін ұрлаған күдіктіні анықтады

Түркістан облысының полицейлері ауылдасының велосипедін ұрлаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы АПБ-ға жергілікті тұрғын ұрлықтың құрбаны болғандығы жөнінде арызданып келген. Онда кешкі сағат 17:00 шамасында өзінің тұрғын үйінің ауласында орналасқан моншасының алдынан белгісіз азамат велосипедін ұрлап кеткен. Жәбірленуші азаматшаға келтірілген жалпы шығын көлемі 35 мың теңге. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді. 

Хабар алысымен тәртіп сақшылары ұрлық жасаған күдіктіні анықтау мақсатында оқиға орнына жедел жетті. Көрген-білген ауыл тұрғындарынан жауап алып, күдік тудырған азаматтардың үйін тексеріп шықты. Осылайша жергілікті тұрғынның үйінен жоғалған велосипед табылып, заңды иесіне қайтарылды. Ол азамат велосипедті біреуден сатып алғанын айтты. Содан соң полицейлер күдіктіні іздеп, тәулік ішінде анықтады. Ол жәбірленушінің ауылдасы болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.

Белгілі болғандай күдікті айналадағы адамдардың жоқтығын пайдаланып, оңай жолмен ақша табуды көздеп, велосипедті айдап кеткен. Содан соң  оны ауыл тұрғынының біріне небары екі мың теңгеге сатып жіберген.

Түркістан облысының полицейлері жекеменшік иелігіндегі нысандарға сақтық үшін бейнекамера орнатуға кеңес береді. Сонымен қатар өз мүліктеріңізге барынша ие болуға шақырады. Егер сіз ұрлық жайтының куәгері немесе құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру