Қарағандыда көліктің жүк салғыш бөлігінен дөңгелектер ұрлаған күдікті қолға түсті
Қарағандыда көліктің жүк салғыш бөлігінен дөңгелектер ұрлаған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне 28 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленуші кешкілік уақытта автокөлігін өзі тұратын үйдің ауласына қойған. Таңертең жұмысқа шыққанда, белгісіз біреу көліктің жүк салғыш бөлігінен төрт дөңгелек ұрлап кеткенін көрген. Келтірілген шығын көлемі 50 мың теңгені құрады.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 33 жастағы азамат ұсталды. Ол қылмысы туралы мойындау көрсетпе белгілерін беріп, көлік иесінің көліктің жүк салғыш бөлігін құлыптамай кеткенін пайдаланып ұрлық жасағанын айтты.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Полиция қызметкерлерімен күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.