Қарағандыда сауда үйінен 18 ұстара кассетасын ұрлап кеткендер ұсталды
Қарағандыда сауда үйінен 18 ұстара кассетасын ұрлап кеткендер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 ақпанда Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне бір сауда үйі басшылығының өкілі арызданған. Ол белгісіз біреудің 18 ұстара кассетасын ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген шығын көлемі 57 мың теңгені құрады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
24 ақпанда жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілер – 30 жастағы ер адам мен 26 жастағы әйелді анықтап, ұстады. Анықтай келе, бұлардың осыған ұқсас бірнеше қылмыс жасағаны үшін іздеуде болғаны белгілі болды. Сот күдіктілерді қамауға алуға санкция берді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.