Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысының бас полицейі аудан тұрғындарымен кездесті

Маңғыстау облысының бас полицейі аудан тұрғындарымен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығы Аян Дүйсембаев Маңғыстау және Қарақия аудандарына барып, жеке құраммен танысып, полицейлердің жұмысын пысықтады.

Өз іссапары барысында аудандарда ауыл ақсақалдарымен және ІІО ардагерлерімен жүздесіп, жергілікті халықты маңызды сұрақтары бойынша қабылдады. Олардың шешімін табу бойынша бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.

– Полицейлерден талап етілетіні өз жұмыстарын жоғары деңгейде атқарып, қызметіне әрқашан адал болу. Сондай-ақ, жергілікті халықпен тығыз байланыста болу, – деп атап өтті департамент бастығы Аян Дүйсембаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру