Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы азаматтарды жеке қабылдады

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы азаматтарды жеке қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасына сәйкес, халықпен кері байланысты және тиімді өзара іс-қимылды нығайту үшін Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбеков апта сайын азаматтарды жеке қабылдауын өткізеді.

Қабылдаудың мақсаты – тұрғындардың ішкі істер органдарының қызметіне байланысты мәселелерін шешу.

Бұл жолы шаһардың бас полицейінің жеке қабылдауында 36 адам болды. Азаматтардың басым бөлігі өздеріне қатысты жасалған алаяқтық және ұрлық жайттары бойынша жүгінді.

Қайрат Сұлтанбайұлы қабылдауға келген тұрғындардың әрқайсысын мұқият тыңдап, барлық көтерілген мәселелер заң аясында шешімін табатынын атап өтті.

– Қылмыстың алдын алуда, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде халықпен тығыз кері байланыс орнатудың маңызы зор. Осы орайда, департаменттің жеке құрамы Мемлекет басшысы алға қойған тиісті құқықтық тәртіпті орнату, халықтың сенім деңгейін арттыру және азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектеріне жедел ден қою жөніндегі міндеттерді іске асыруға бағдарланған. Қоғамның түйткілді мәселелерін тез әрі сапалы шешу – менің жеке қабылдауымның басты мақсаты. Азаматтардың әрбір өтініші бойынша қажетті жұмыстарды орындау қатаң бақылауымда болады, – деп қорытындылады ПД бастығы.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Қайрат Дәлбековтің жеке қабылдауына Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің 8(7252) 97-66-39 телефон нөмірі арқылы алдын ала жазылуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру