Қарағандыда тағы бір велосипед ұрысы ұсталды
Қарағандылық полицейлер велосипед ұрлаған азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
24 қазан күні Қарағанды қаласында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 24 жастағы азаматты ұстады.
Ұсталған азамат сол күні қаладағы көп қабатты үйлердің бірінен велосипед ұрлаған.
44 жастағы жәбірленуші велосипедінің ұрланғанын сезбеген. Ол шығын көлемін 60 мың теңгеге бағалады.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.